Бүгін АҚШ-тың Түркиядағы елшілігіне бағыттап, белгісіз біреулер оқ атты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан CNN Turk-ке сілтемемен.
Өтіп бара жатқан автокөліктің бірінен белгісіз біреулер ғимаратқа оқ жаудырған, жарақат алғандар туралы ақпарат әзірге болған жоқ. Дегенмен, елшілік ғимаратының кіреберісінде орналасқан күзет кабинасының терезелері сынған.
Кейбіреулер бұл оқиғаны АҚШ-тың түрік тауарларына жоғары баж салығын енгізуі мен Анкараның қамауға алынған америкалық пасторды босатудан бас тартуы себеп болған түрік-американдық қарым-қатынасының нашарлауымен байланыстыруда.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        