АҚШ-тың үкіметтік делегациясы Қазақстанға келеді

701

Іссапар АҚШ-тың Орталық Азиямен қарым-қатынасты нығайтуға бағытталады.

АҚШ-тың үкіметтік делегациясы Қазақстанға келеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу бастаған америкалық үкіметтік делегация 23-27 мамыр аралығында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Дональд Лу бастаған АҚШ делегациясы 23-27 мамыр аралығында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға барады, іссапар АҚШ-тың бұл аймақпен қарым-қатынасты нығайтуға және қауіпсіз, дамыған Орта Азияны құруға бағытталады", – деп жазылған ресми хабарламада.

Делегация құрамында Пентагон, Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі, халықаралық дамуды қаржыландыру корпорациясы (U. S. International Development Finance Corporation, DFC) және АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) өкілдері болады.

Сапар аясында америкалық делегация мүшелері бұл елдердің лауазымды тұлғаларымен, бизнес және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өткізеді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: nytimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу