Нью-Йорк штатындағы Колумбия және Корнелл университеттері, сондай-ақ Род-Айленд штатында орналасқан Браун университетінің әкімшіліктері кампустарды эвакуациялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, Twitter-де осы университеттердің аумағында бомбалар қойылғаны туралы ақпарат жарияланған. Қазір полиция Корнелл университеті мен Браун университетінде тергеу жүргізіп жатыр. Колумбия университетінің аумағындағы бомба туралы ақпаратты құқық қорғау органдары жоққа шығарды.
Бұған дейін америкалық басылымдар Йель университетінің бірнеше ғимараттарында да бомба қойылды деген ақпарат жариялаған еді. Кейін жергілікті мамандар бұл хабарламаның жалған екенін мәлімдеді.
Табиғат Нұрболат