АҚШ-тың заң жобасы қазақстандық табиғи уранды шектемейтіні түсінікті болуға тиіс – "Қазатомөнеркәсіп"

592

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Директорлар кеңесі қазіргі геосаяси жағдайды және компанияның қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал тәуекелдерді талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

АҚШ-тың заң жобасы қазақстандық табиғи уранды шектемейтіні түсінікті болуға тиіс – "Қазатомөнеркәсіп"

Тәуелсіз директор және Директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфеллоу ресейлік уран импортына тыйым салу туралы жақында АҚШ бастамашылық жасаған заң жобасына қатысты компания ұстанымын білдірді. Айтуынша, компания Украинадағы қайғылы оқиғаларды тоқтатуға бағытталған барлық бастамаларға қолдау білдіреді және мәселе бейбіт жолмен шешілгенін қалайды.

"Алайда ұсынылып отырған заң жобасын талқылау аясында Қазақстаннан шыққан табиғи уран Ресеймен жиі байланыстырылады, бұл жаңсақ түсінік. Қазақстандық табиғи уран, оны Қазатомөнеркәсіп немесе біздің шығыстағы әлде батыстағы серіктестеріміз жеткізетініне және пайдаланылатын тасымалдау маршрутына қарамастан, батыстағы конверсиялық кәсіпорындарға барғанға дейін өзінің шығу тегі мен меншік құқығын өзгертпейді. Ұсынылып отырған заң жобасы қазақстандық табиғи уранды шектемейтіні түсінікті болуға тиіс және Қазатомөнеркәсіп компанияның сенімділігіне сенген және күмән келтірмеген клиенттеріне өнім жеткізуді қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды және өз міндеттемелерін орындауды жалғастыратын болады",- деді Нил Лонгфеллоу.

"Қазатомөнеркәсіптің" Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі Мәжит Шәріповтің айтуынша, компания АҚШ-тағы тұтынушыларды қоса алғанда, өзінің халықаралық әріптестерімен және бүкіл әлем бойынша энергетикалық компаниялармен жұмыс істеуге дайын.

"Қазатомөнеркәсіп" олармен берік қатынастар нығайтуды жалғастырады, осылайша реакторлардың үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік береді",- деді Мәжит Шәріпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу