АҚШ уәде еткен барлау ұшақтары Қазақстанға әлі жетпеді

2182

АҚШ мемлекеттік департаменті 2020 жылы желтоқсанда Қазақстан үкіметіне барлау, бақылау жүйесі (ISR) және жабдықтары бар екі King Air B300er Scorpion ұшағын шамамен $128,1 млн-ға сатуға рұқсат берген болатын.

АҚШ уәде еткен барлау ұшақтары Қазақстанға әлі жетпеді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі электрондық үкімет платформасында өткен "Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығының мәселелері туралы" онлайн-конференция аясында ұшақтар әлі жетпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Inbusiness.kz ұшақтар неге кешігіп жатқаны туралы АҚШ елшілігінен сұрап көрген.

"АҚШ Қазақстанға тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау қабілетін нығайтуға қажетті әлеуетті ұсынуға шешім қабылдады. Дегемен ұстанған саясатымызға сәйкес, нақты қару-жарақ туралы түсініктеме бермейміз", – деген жауап алды. 

Осылайша ұшақтардың жеткізілмеу себебі белгісіз болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу