АҚШ үкіметі қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде жасанды интеллектіні қолданбақшы. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған CBS арнасы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасап.
"АҚШ-тың федералды үкіметі жақын күндері кейбір үміткерлермен сұхбат жүргізу кезінде жасанды интеллектіні қолдана бастайды", – делінген телеарна сайтында жарияланған ақпаратта.
Телеарнаның мәліметінше, ЖИ жеке технологиялық сектор мамандарын екі жылға үкіметке жұмысқа тарту үшін іске қосылған Tech Force бастамасы аясында сынақтан өтеді.
Үміткерлерді бағалау үшін CodeSignal платформасы пайдаланылатыны да хабарланды. Бұл ретте барлық федералды ведомстволар кандидаттарды іріктеуде жаңа технологияны бірден пайдаланбайтыны атап өтілген.