АҚШ Украина мен Еуропаның тағы 15 елін әскери қаржыландыруға 713 миллион доллар бөледі

683

Оның 322 миллион доллары Украинаға беріледі.

АҚШ Украина мен Еуропаның тағы 15 елін әскери қаржыландыруға 713 миллион доллар бөледі Фото: reuters.com

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Пентагон басшысы Ллойд Остин ресми Вашингтонның Украина мен Еуропаның тағы 15 елін әскери қаржыландыруға 713 миллион доллар бөлетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

322 миллион доллары Украинаға, қалғаны Шығыс және Орталық Еуропа мен Балқан елдеріне беріледі.

Бұл қаражатқа елдер өздеріне қажетті жауынгерлік жүйелер мен жабдықтарды сатып алады.

"Бөлінген қаржы Украинаның әсіресе Донбаста күрес жүргізуіне үлкен қолдау болып, украин Қарулы Күштерінің жетілдірілген қару-жарақ пен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне, НАТО жүйелеріне көшуіне көмектеседі", – деді америкалық әкімшілік өкілі.

Осылайша АҚШ-тың Украинаға көрсеткен әскери көмегінің көлемі 3,7 миллиард доллар болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу