АҚШ Украинада сібір жарасының жаңа штамдарын жасады – РФ Қорғаныс министрлігі

1321

Ресей тарапы жақында "Ю-Пи-2" биологиялық жобасын Пентагон жобалап, мақұлдағанын дәлелдейтін құжаттарды ұсынбақшы.

АҚШ Украинада сібір жарасының жаңа штамдарын жасады – РФ Қорғаныс министрлігі

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі АҚШ әскерилері Украинадағы биологиялық қаруды, атап айтқанда, сібір жарасының жаңа штамдарын жасауға қатысқанын анықтадық деп хабарлады. Бұл туралы inbusiness.kz-ке Интерфакс агенттігі сілтеме жасап жазды. 

"Ресейдің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс күштерінің (РХБЗ) сарапшылары құжаттарды зерделеу барысында АҚШ қорғаныс министрлігінің Украинадағы биологиялық қарудың құрамдас бөліктерін жасауға тікелей қатысы барын дәлелдейтін жаңа фактілерді анықтады", – деді РФ Қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков бейсенбі күні брифингте.

Оның айтуынша бұл жобаның негізгі мақсаты – Украинаға тән ерекше қауіпті инфекцияларға молекулалық талдау жүргізу болды. Әскерилер күйдіргінің жаңа штамдарын алу үшін ескі мал қорымдарынан қоздырғыштың сынамасын алған. 

Конашенков "АҚШ-тың Украинадағы құпия әскери-биологиялық қызметі туралы" құжаттарды украин биологиялық зертханаларының қызметкерлері бергенін айтады. 

Ол сондай-ақ жақын арада Ресей қорғаныс министрлігі "Ю-Пи-2" биологиялық жобасы Пентагонда әзірленіп, мақұлданғанын дәлелдейтін құжаттарды ұсынатынын айтты.

"Пентагонның эксперименттері қауіпті инфекцияларды жасаумен шектелмеді. Мысалы, алынған құжаттарға сәйкес, АҚШ қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған фармацевтикалық компания Украинаның қорғаныс министрлігімен бірге Украина әскери қызметкерлеріне қатысты тіркелмеген дәрілерді сынақтан өткізу үшін жұмыс істеген", – деді Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу