АҚШ – Украинадағы соғыста қару-жарақ пен әскери техниканың ең ірі жеткізушісі

675

Қару-жарақты жеткізу көлемі бойынша АҚШ үлесіне €25 млрд келеді.

АҚШ – Украинадағы соғыста қару-жарақ пен әскери техниканың ең ірі жеткізушісі

Екінші орында – Ұлыбритания. Оның үлесі €4 млрд. $1 млрд-тан астам соманы Польша ($1,8 млрд) және Германия ($1,2 млрд) бөледі. Бұған Германияның Киль Дүниежүзілік экономика институтының Ukraine Support Tracker қызметі берген ақпарат дәлел бола алады.

АҚШ сонымен қатар Украинаға жалпы жоспарланған көмек көлемі бойынша көшбасшы. Көмек көлемі 44,5 миллиард еуроға жетеді. Ал батыс елдері Украинаға 36 миллиард еуродан астам әскери көмек бөлуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін АҚШ Конгресі аппаратының аты аталмаған қызметкеріне сілтеме жасай отырып, Politico газеті американдық әкімшілік осы аптада Украинаға шамамен 600 миллион доллар көлемінде тағы қару-жарақ жеткізетіні туралы жариялайтынын хабарлады.

8 қыркүйекте Пентагон Украинаға 675 миллион долларлық әскери көмек пакетін ұсынды.

Жалпы қазіргі әкімшілік мерзімінде АҚШ әскери көмекке шамамен 15,2 миллиард доллар, 2014 жылдан бастап – 17,2 миллиард доллар бөлді.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу