АҚШ Украинаға 200 млн доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлді

1138

Ресей билігінің айтуынша, Украинаға қару-жарақтың жеткізілуі елдің оңтүстік-шығысындағы шиеленісті ушықтырмақ.

АҚШ Украинаға 200 млн доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлді

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Украинаға 200 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлінгені туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаймыз және Украинаға қажетті қолдау көрсетуді жалғастырамыз", – деді департамент өкілі. 

Өткен аптада CNN арнасы АҚШ билігі Украинаға 200 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлді деп хабарлаған еді. Осы күнге дейін ведомство бұған қатысты ресми мәлімдеме жасамады. 

Америкалық тарап Украинаға қару-жарақ, оқ-дәрілер, медициналық жабдықтарды жібермек. Бұл бұйрықты Президент Джо Байденнің өзі берген екен. 

Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, Украинаға қару-жарақтың жеткізілуі елдің оңтүстік-шығысындағы шиеленісті ушықтырмақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу