Агенттік дерегінше, жаңа траншқа дрондарға қарсы арсенал, HIMARS реактивтік жүйесіне қажетті зымырандар, әскери автомобильдер және гаубица снарядтары кіреді.
Ақпаннан бері Вашингтон Киевке 19,1 миллиард доллардың қауіпсіздік жәрдемін жөнелткен. Қазір Украина әскері жаудан Донецк облысындағы Бахмут, Авдеевка елді мекендерін қорғап жатыр.
Сондай-ақ бүгін украин жауынгерлері Луганск облысының Сватова қаласында қарымта шабуылға көшуге кірісті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу