АҚШ Украинаға 300 млн доллар көмек көрсетеді

Заң жобасын Өкілдер палатасы уралы мақұлдады. 

АҚШ Украинаға 300 млн доллар көмек көрсетеді Фото: РБК

АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы Украинаға 300 млн доллар көлемінде көмек көрсету туралы заң жобасын мақұлдады.

Дауыс беру мәліметтеріне сәйкес, заң жобасын 311 заң шығарушы қолдаса, 117-сі қарсы болды.

300 млн доллар бастапқыда Қорғаныс министрлігінің 2024 жылы қаржыландыру туралы заңнамасына енгізілді, бұл кейбір республикашылардың қарсылығын тудырды.

Бұған дейін Өкілдер палатасындағы Республикалық партия жетекшілері Украинаға 300 млн доллар көмек көрсетуді Пентагон қаржыландыру туралы заң жобасынан алып тастаған.

Өкілдер палатасында Украинаны қолдау мәселесі қызу талқыланып жатыр, кейбір заң шығарушылар Киевке берілетін көмекті қысқартуды қолдаса, басқалары АҚШ өзінің одақтасын қолдауы керек деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу