АҚШ Украинаға 31 M1 Abrams танкін жібереді

394

Бұл туралы Джо Байден мәлімдеді. 

АҚШ Украинаға 31 M1 Abrams танкін жібереді Фото: imgflip.com

АҚШ президенті Джо Байден Вашингтонның Украинаға 31 M1 Abrams танкін беру туралы шешім қабылдағанын растады, деп жазады inbusiness.kz ТАСС сілтемесімен.

"Бүгін мен АҚШ Украинаға 31 Abrams танкін жіберетінін растаймын, танкілердің мұндай саны бір украиналық танк батальонына тең", - деді ол Ақ үйде сөйлеген сөзінде.

Байденнің айтуынша, Киевке Abrams танктерін жеткізу біраз уақытты қажет етеді, бірақ АҚШ сол кезеңді босқа өткізбей, Украина Қарулы Күштерінің экипаждарын жоғарыдағы техника үшін дайындай бастайды.

"Бұл танктерді ұрыс алаңына жеткенше біраз уақыт өтеді", - деді ол.

"Біз бұл уақытты украиндардың Abrams танктерін қабылдап, оны қолдануға толық дайын болуын қамтамасыз ету үшін пайдаланамыз", - деп қосты америкалық көшбасшы.

Байденнің айтуынша, АҚШ "украин әскери күштерін техникалық қызмет көрсету, логистика мен танктерді жөндеуге байланысты дайындықты мүмкіндігінше тезірек бастайды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу