АҚШ Украинаға жарылғыш заттарды сақтауға арналған алты қойма құрылысын салу үшін $4 млн бөледі. Мемлекеттік департамент осындай хабар таратып отыр, деп хабарлайды Atameken Business.
Құрылыс алдағы 2 жылда аяқталуға тиіс.
Америкалықтардың айтуынша, бұл жоба Украинаның қорғанысы мен қауіпсіздігін арттыру үшін аса қажет.
Осыған дейін де АҚШ Киевке қару-жарақты жою үшін соңғы 14 жыл ішінде 40 млн доллардан артық қаржы бөлген. Нәтижесінде салмағы 1,7 мың тонна болатын жарылғыс заттар жойылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу