АҚШ Украинаға 450 млн доллар көлемінде қосымша қаражат бөледі

490

Гуманитарлық көмек көрсету үшін 225 миллион доллар шығындалады.

АҚШ Украинаға 450 млн доллар көлемінде қосымша қаражат бөледі Фото: reuters.com

АҚШ Украинаға қосымша әскери көмек көрсетеді. Киевке 450 миллион доллар көлемінде қосымша қаражат бөлінеді. Бұл туралы Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Америка Құрама Штаттары өз міндеттемесі ретінде Украинаның демократиясын Ресейдің агрессиясынан қорғау үшін қосымша 450 млн доллар көлемінде әскери көмек көрсетеді", – деп жазылған хабарламада.

Кирбидің айтуынша, әскери көмек пакетінде қару-жарақ пен әскери жабдықтар бар:
• HIMARS жоғары мобильді артиллериялық зымыран жүйелері;
• Артиллерияға арналған он мыңдаған оқ-дәрілер;
• Украина жағалауы мен су жолдарын қорғауға арналған патрульдік кемелер.

15 маусымда АҚШ Президенті Джо Байден Украинаға 1 миллиард доллар болатын тағы бір әскери көмек пакеті, гуманитарлық көмек көрсету үшін 225 миллион доллар бөлінетінін жариялады. 

Табиағат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу