АҚШ Украинаға 800 миллион доллар көлемінде әскери көмек жібереді

565

Вашингтонның Киевке бөлген әскери көмегінің жалпы көлемі шамамен 9,8 миллиард доллардан асты.

АҚШ Украинаға 800 миллион доллар көлемінде әскери көмек жібереді

Құрама Штаттар Президенті Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға 800 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек көрсетеді.

Reuters агенттігінің дерегінше, Ақ үй бұл шешімін бүгін жариялауы тиіс. Ал егер келесі аптада жарияланса, бөлінетін қаражат көлемі артуы мүмкін. 

Джо Байден қордағы артық қаруды үлестіруге рұқсат беретін өкілеттіктігін қолдана отырып, тиісті құжатқа қол қоймақ.

18 тамызда Эстония үкіметі Украинаға көрсетілетін әскери қолдаудың тағы бір пакетін мақұлдады. Оның аясында бұл ел Украинаға минометтер мен танкке қарсы қару-жарақ жібереді.

Ескере кететін жайт, АҚШ Президенті Джо Байден әкімшілігінің Киевке бөлген әскери көмегінің жалпы көлемі шамамен 9,8 миллиард доллардан асты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу