АҚШ Украинаға әскери көмекті кешіктіріп отыр

691

Әскери көмектің көлемі 400 млн долларды құрайды.  

АҚШ Украинаға әскери көмекті кешіктіріп отыр Фото: tvpworld.com

Мұны Құрама Штаттарда сынап жатқандар көп, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Америкалық сенаторлар: "Бұл мәселе 2-3 апта бұрын шешілуі тиіс еді, алайда біз қағазбастылықтан арыла алмай отырмыз", – деп Ақ үй әкімшілігін айыптады.

Сенат комитетінің тыңдауына қатысқан Мемлекеттік хатшы Марко Рубио "Құжат бірнеше федералды органның келісімінен өтуі керек", – деп мәлімдеді. Бірақ мәселе көп ұзамай шешілетінін жеткізді.

Конгресс мақұлдаған "Ұлттық қорғаныс" туралы заңда Украинаның қауіпсіздігіне жәрдемдесу бастамасы аясында 2026 жылы 400 миллион доллар және 2027 жылы қосымша 400 миллион доллар бөлінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу