АҚШ Украинаға берген уәдесінен айнып шыға келді

559

Бірқатар конгрессмен Пентагонның бұл шешіміне алаңдаушылық білдірді. 

АҚШ Украинаға берген уәдесінен айнып шыға келді Фото: РБК

АҚШ Украинаға уәде еткен оқ-дәрілердің бір бөлігін жеткізуді тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Пентагон Киевке зениттік зымырандар мен басқа да оқ-дәрілерді жеткізбейтін болды. Себебі бұл қару түрінің қоры елде азайып кетті деп алаңдап отыр. Бұл бастаманы маусым айының басында АҚШ Қорғаныс министрінің орынбасары Элбридж Колби көтерген еді. 

Politico басылымының жазуынша, бұл жерде әңгіме Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, Hellfire зымырандары және басқа да артиллериялық оқ-дәрілер туралы сөз болып отыр. Экс-президент Джо Байденнің әкімшілігі тұсында бұл қару түрлері Киевке жеткізіледі деп келісілген болатын.

Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Анна Келлидің сөзінше, қару жеткізуді тоқтату туралы шешім "Америка мүддесін" қорғау мақсатында қабылданған. Бірқатар конгрессмен Пентагонның бұл шешіміне алаңдаушылық білдірді.

Бұл оқ-дәрілер соңғы екі жылдан астам уақыт бойы Украинаға жеткізіліп келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу