Пентагон басшысы Ллойд Остин Украинаға тағы бір әскери көмек пакетін жариялайды.
Ресми мәлімдеме бейсенбі, 8 қыркүйекте Германиядағы Рамштайн әуе базасында Киевке әскери көмекті үйлестіру тобының кездесуі кезінде жарияланады, деп хабарлайды inbusiness.kz АҚШ Қорғаныс министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Колин Rолдың сөзіне сілтеме жасап.
"Менің ойымша, министр кезекті кездесуде бұл туралы жариялайды. ГФР-дағы кездесуде ондаған ел болады деп күтілуде. Мен нақты ұсыныстардың үлкен көлемі ұсынылады деген үміттемін", – деді Колин Кол Defense News ұйымдастырған конференцияда.
Ол Киевке жаңа әскери көмек пакетіне HIMARS зымыран жүйелеріне арналған қосымша оқ-дәрілер кіретінін айтты.
АҚШ Қорғаныс министрінің орынбасарының айтуынша, мұндай көмекке украиндықтар мұқтаж.
Динара Мұрат