АҚШ Украинаға минасыздандыру жұмыстары үшін 89 млн доллар бөледі

594

Қаражат минасыздандырумен айналысатын саперлерден құралған 100 топты дайындауға және қажетті техникалық құралдарды сатып алуға бағытталады.

АҚШ Украинаға минасыздандыру жұмыстары үшін 89 млн доллар бөледі

АҚШ Украинаға тазарту және жарылмаған снарядтарды залалсыздандырумен айналысатын саперлерді дайындау үшін 89 миллион доллар бөледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекеттік Департаменттің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Ресейдің агрессивті соғысы кезінде жасалған жарылғыш заттардың қалдықтарын залалсыздандыру және гуманитарлық дағдарысты еңсеруге көмектесу үшін 9 тамызда Департамент осынша қаражат шығындау туралы шешім қабылдады", – деп жазылған Мемлекеттік Департаменттің сайтында.

Мәлімдемеде "Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде елдің біраз аумағында миналар, жарылмаған оқ-дәрілер және қолдан жасалған жарылғыш заттар қалып қойғаны жазылған.

Қаражат минасыздандырумен айналысатын саперлерден құралған 100 топты дайындауға және қажетті техникалық құралдарды сатып алуға бағытталады.

Ескере кететін жайт, АҚШ Президенті Джо Байден әкімшілігінің Киевке бөлген әскери көмегінің жалпы көлемі шамамен 9,8 миллиард долларға жетті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу