АҚШ Украинаға Ресейдің ішін бомбалауға рұқсат етпей жатыр

1467

АҚШ Украинаға Ресей аумағына америкалық қарумен соққы беруге рұқсат беру мүмкіндігі туралы саясатын өзгертпейді., яғни рұқсат етуді жоспарламайды. 

АҚШ Украинаға Ресейдің ішін бомбалауға рұқсат етпей жатыр Фото: aris messinis

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Журналистердің бірі оған Вашингтон УҚК-ның Ресейге ұзақ мерзімді соққылары туралы пікірін өзгерте ме деген сұрақ қойды.

"Біздің саясатымызға келетін болсақ, сұрақтың бірінші бөлігіне жауап бере отырып, мен ештеңе өзгерген жоқ деп ойлаймын, мен саясаттың өзгеруі туралы айтпаймын", – деп жауап берді Жан-Пьер.

Украина бірнеше рет батыс серіктестерінен Ресей аумағына жеткізілетін жоғары дәлдіктегі зымырандармен соққыларға рұқсат беруді сұрады. Көктемнің соңында АҚШ Украина армиясына шекара бойындағы ресейлік нысандарға соққы беруге рұқсат берді, бірақ одан әріге бармады.

СNN телеарнасы бұған дейін Вашингтонның алыс қашықтықтағы соққыларға рұқсат бергісі келмеуі шиеленісу қаупімен емес, АҚШ-тың Киевке бере алатын зымырандармен қамтамасыз етілуімен байланысты екенін хабарлады. Сонымен бірге, егер Ресей "Майданды кеңейтуге тырысса", АҚШ билігі Украинаға ұзақ қашықтыққа атыс жүргізуге рұқсат береді, дейді Мемлекеттік департамент басшысының Еуропа бойынша көмекшісі Джеймс О'Брайен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу