АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек пакетін жарияламақ

735

Құжатқа АҚШ әкімшілігінің басшысы қол қойған жоқ. 

АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек пакетін жарияламақ

АҚШ Президенті Джо Байденнің әкімшілігі осы аптада Украинаға әскери көмек көрсетудің жаңа пакетін жарияламақ, деп хабарлайды inbusiness.kz NBC телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл жолы да қару-жарақ сатып алуға шамамен 800 миллион доллардай бөлінуі мүмкін. Жаңа пакет бойынша артиллериялық жабдықтар мен оқ-дәрілер беріледі. Қосымша көмек бөлу туралы құжатқа АҚШ әкімшілігінің басшысы әлі қол қойған жоқ.

Еске сала кетсек, 13 сәуірде АҚШ Президенті Джо Байден Вашингтон Киевке 800 миллион доллар көлемінде әскери көмек бөлетінін мәлімдеді. Украинаға жіберілетін қару-жарақ қатарында 11 Ми-17 тікұшағы, 200 бронетранспортер, 18 мм калибрлі 155 гаубица және 40 мың артиллериялық снаряд, танкке қарсы кешендеріне арналған 500 Javelin зымыраны бар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу