АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек пакетін жібереді

752

Бұл шешім өткен аптада қабылданды.

АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек пакетін жібереді

АҚШ әкімшілігі 1 маусымда Украинаға 11-ші әскери көмек пакетін ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Оның жалпы сомасы – 700 миллион доллар.  

Құжат бойынша, HIMARS зымыран жүйелері, радиолокациялық станциялар, тікұшақтар, автомобильдер және танкке қарсы қарулар, Javelin кешендері, бұрын жеткізілген техниканың қосалқы бөлшектер жіберіледі.

Өткен аптада АҚШ Украинаға жеткізілетін әскери көмектің жаңа пакетін жариялау туралы шешім қабылдады. АҚШ Президенті Джо Байденнің әкімшілігі Киевке ұзақ қашықтықтағы зымыран жүйелерін жіберуді көздеп отыр. Құрама Штаттар "Украинаның әскери күштері бұл қаруды Ресейге шабуыл жасау үшін қолдануы мүмкін" деп бермей келген еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: dw.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу