АҚШ украиналық шенеуніктерден күдіктеніп отыр

880

Олар Джо Байденнің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыптауларды таратумен айналысқан деген мәлімдеме жасалды

АҚШ украиналық шенеуніктерден күдіктеніп отыр

АҚШ прокурорлары Украинаның бұрынғы және қазіргі шенеуніктерінің 2020 жылғы президенттік сайлауға араласқанын не араласпағанын тергеп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz New York Times басылымына сілтеме жасап. 

Газеттің хабарлауынша, Бруклиндегі федералды прокурорлар ФТБ-мен бірлесе бірқатар бұрынғы және қазіргі украиналық шенеуніктер саяси тартыстың нәтижесіне ықпал еткен болуы мүмкін деген жайтты зерттеуде. Олар Ақ үй басшысы Джо Байден сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыптауларды таратумен айналысқан деген мәлімдеме жасалды. Тіпті бұл іске бұрынғы президент Дональд Трамптың экс-адвокаты Рудольф Джулианиді араластырмақшы болған көрінеді. 

Тергеу барысында Джулианидің 2019 жылдың желтоқсанында Еуропаға жасаған сапары зерттелді. Ол уақытта адвокат бірнеше украиналықпен кездескен болатын. Қазір Джулиани жүздескен адамдардың кем дегенде бірі, яғни Украина Жоғарғы Радасының фракциядан тыс депутаты Андрей Деркачқа қатысты тергеу жүргізілуде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу