АҚШ украиналықтарға "уақытша қорғалғандар" мәртебесін береді

1030

Бағдарлама бойынша, олар АҚШ-та жұмыс істеп, уақытша тұра алады.

АҚШ украиналықтарға "уақытша қорғалғандар" мәртебесін береді

АҚШ билігі Украина азаматтарына "уақытша қорғалған адамдар" мәртебесін береді, деп хабарлайды inbusiness.kz АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік департаментіне сілтеме жасап.

"Бұл мәртебені тағайындау туралы шешім Украинадағы қарулы қақтығыс және төтенше жағдайдан кейін қабылданды. Бұл елде болып жатқан оқиғалар азаматтардың Украинаға қайтуына мүмкіндік бермей отыр", – деп жазылған хабарламада.

Бағдарламаға 1 наурызға дейін АҚШ-та болған адамдар қатыса алады. Одан кейін Құрама Штаттарға келгендер бұл мәртебені ала алмайды.

"Уақытша қорғалған адамдар" мәртебесі бойынша, оларға АҚШ-та жұмыс істеуге және уақытша тұруға рұқсат беріледі. Бірақ бұл бағдарламада грин карта тағайындау құқығы қарастырылмаған.

Табиғат Нұрболат

Фото: voanews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу