АҚШ Украинаға қатысты тағы да күтпеген қадамға барды

АҚШ Украинамен барлау деректерін алмасуды да тоқтатты. Бұл туралы Financial Times басылымы жазған.  

АҚШ Украинаға қатысты тағы да күтпеген қадамға барды Фото: reuters.com

Бұл шешім майданда Украина күштерінің Ресей әскеріне шабуылдау қабілетін едәуір шектеуі мүмкін екені ашық айтылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Аталған басылымның дереккөзі АҚШ Киевпен барлау деректерін алмасуды тоқтатқанын мәлімдеп отыр.

Бұған дейін АҚШ барлау қызметімен әріптестіктің нәтижесінде Украина күштері Ресейдің әскери нысаналарын анықтап, соққы жасай алған еді. 

Еске салайық, жақында АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери көмекті тоқтатқан болатын. "Енді барлау деректерін алмасуды тоқтату Украина күштеріне едәуір әсер етеді" деп болжайды сарапшылар.

Яғни, мұндай қадам олардың Ресей әскеріне шабуылдау мүмкіндігін айтарлықтай шектемек. 

Сонымен қатар, тағы да бір дереккөз АҚШ Ресей мен Украина бойынша өзге одақтастарымен әлі де барлау деректерін алмасып отырғанын жеткізді. Оның арасында Ұлыбритания да бар.

Сол-ақ екен, АҚШ Ұлыбританияға да Украинамен әскери барлау деректерін бөлісуге тыйым салғаны туралы ақпарат тарады. 

Вашингтонның жаңа шешімінде британдық арнайы қызметтер мен қорғаныс ведомстволарына АҚШ-тан алынған барлау ақпаратын Киевке беруге қатаң тыйым салынған. Бұған дейін "Rel UKR" (Releasable to

Ukraine – Украинаға жіберуге болатын ақпарат) белгісімен мұндай мәліметтер Украинаға берілуі мүмкін еді. 
Соңғы 3 жыл ішінде Ұлыбритания, Австралия және Жаңа Зеландия Украинаға АҚШ-пен бірге құпия әскери ақпараттарды жеткізіп отырған. 

Британдық әскери барлау сарапшысы Фил Ингрэмнің сөзінше, бұл күтпеген шешім емес. 

– АҚШ өз одақтастарына Украинаға берілетін барлау ақпаратын шектеуді бұйырды. Бұл қадам Киевтің қорғаныс қабілетіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін, – деді ол.

Қазіргі сәтте Ұлыбритания билігі мен АҚШ тарапы бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме бермеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу