АҚШ Украинаның НАТО-ға қандай жағдайда кіре алатынын айтты

744

Украина басшысы АҚШ-қа 31 тамызда барды. 

АҚШ Украинаның НАТО-ға қандай жағдайда кіре алатынын айтты

АҚШ НАТО-ның Украинаны өз құрамына алу туралы шешіміне әсер ете алмайды. Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псаки кезекті брифинг барысында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"НАТО-ның есіктері ұйымға кіргісі келетіндер үшін ашық болуы керек. Яғни өз міндеттемелерін орындайтындар және еуроатлантикалық аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысатындар үшін ашық", – деді Псаки. Владимир Зеленский Украинаның еуропалық интеграциясы және оның мерзімі туралы АҚШ-тың позициясын ұсынуды сұраған еді. Ақ үй өкілі ресми Киевке осылай деп жауап берді. 
Баспасөз хатшысы бұл жағдайда одаққа мүше болу жағын  Вашингтон емес,ұйым қабылдайтынын жеткізді. 

Бұған дейін Зеленский НАТО-ға Киевті қолдағаны үшін және Қара теңіз аймағында болғаны үшін алғыс айтқан еді. Бірақ ол мұндай қадамдардың жеткіліксіз екенін мәлім етті. 

Украина басшысы АҚШ-қа 31 тамызда барды. 1 қыркүйекте ол президент Джо Байденмен кездескен болатын. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу