АҚШ ұшағының қозғалтқышынан өрт шығып, шұғыл қонды

164

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға кезінде қатты дыбыс естілген.

АҚШ ұшағының қозғалтқышынан өрт шығып, шұғыл қонды Фото: Бейнежазбадан

FedEx жүк ұшағы әуеге көтерілген соң көп ұзамай Ньюарк Либерти (Нью-Джерси) халықаралық әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Fox News арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның дерегінше, қозғалтқыштың өртенуіне құспен соқтығысу себеп болған.

Қауіпсіздік мақсатында әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылды, бірақ кейінірек қайта жанданды. FedEx Индианаполиске бет алған Boeing 767 ұшағының әуеге көтерілуі кезінде құспен соқтығысқанын растады.

АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу