АҚШ Венесуэла халқына көмектесу үшін 336 миллион доллар бөледі

776

Вашингтонның 2017 жылдан бері венесуэлалықтарға бөлген қаражатының көлемі 1,9 млрд доллардан асқан.

АҚШ Венесуэла халқына көмектесу үшін 336 миллион доллар бөледі

Америка Құрама Штаттары Венесуэла халқына көмек көрсету үшін 336 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Нед Прайстың мәлімдемеcіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, 247 миллион доллар гуманитарлық көмек түрінде, 89 миллион доллар әлеуметтік жағдайы нашар венесуэлалықтарға экономикалық көмек түрінде беріледі.

"Бұл қаражат венесуэлалықтарға, сондай-ақ венесуэлалық босқындарға және оларға жәрдем беріп жатқан қауымдастықтарға көмектеседі", – деді дипломат.

Ресми дерек бойынша, АҚШ-тың 2017 жылдан бері венесуэлалықтарға бөлген қаражатының көлемі 1,9 млрд доллардан асқан.

Венесуэладағы жағдай 2019  жылдың 23 қаңтарында оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо өзін президенттің міндетін атқарушы деп жариялағаннан кейін күрт нашарлады. АҚШ оны уақытша мемлекет басшысы деп мойындады. Лима тобының елдері (Мексиканы қоспағанда), Америка мемлекеттерінің ұйымы және Еуропалық Одақ мүшелерінің көпшілігі де Гуайдоны уақытша президент деп қабылдады. Венесуэла президенті Николас Мадуро бұл жайтты төңкеріс әрекеті деп атап, АҚШ-пен арадағы дипломатиялық қатынастарды үзді. Оған Ресей, Беларусь, Иран, Қытай, Куба, Никарагуа, Сирия және Түркия қолдау білдірді.

Табиғат Нұрболат

Фото: hindustantimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу