АҚШ Венесуэла мұнайының алғашқы партиясын 500 млн долларға сатты

156

Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды. 

АҚШ Венесуэла мұнайының алғашқы партиясын 500 млн долларға сатты Фото: theins.ru

АҚШ Венесуэла мұнайының алғашқы партиясын 500 миллион долларға сатты. Бұл туралы CNN агенттігі Ақ үй өкіліне сілтеме жасап хабарлады. Таяу уақытта жаңа келісімдер жасалуы ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

The New York Times дереккөздерінің мәліметінше, АҚШ-тың Энергетика министрлігі Венесуэланың 50 миллион баррель болатын мұнайын сату бойынша жұмыстарды басқарып отыр.

"Алғашқы партия сатылды және бұдан былай мұнай сату белгісіз мерзімге дейін жалғасады", – деп хабарлады басылымға министрлік өкілі.

Бұған дейін АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасап, президент Николас Мадуроны елден әкеткен болатын. Вашингтон Венесуэланың мұнай қорын өз мақсатына пайдалануды жоспарлап отырғанын көрсетті. Ақ үй басшысы Дональд Трамп америкалық мұнай компаниялары Венесуэланың энергетика секторын қалпына келтіруге 100 миллиард доллар инвестиция құятынын айтты.

Десек те, сала өкілдері ең әуелі құқықтық және коммерциялық талаптарды нақтылап алу қажет екенін жеткізді.

Айта кету керек, бұған дейін Венесуэла АҚШ-қа 50 млн баррель мұнай жеткізетінін жазғанбыз. Венесуэлада оппозиция өкілдері түрмеден босап шығып жатыр. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу