АҚШ Венесуэла оппозициясын қаржыландырмақ

931

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Оңтүстік Америкаға гуманитарлық көмек ретінде 40 миллион доллар бөлмек.

АҚШ Венесуэла оппозициясын қаржыландырмақ Фото: reuters.com

Қаражат Құрама Штаттар қолдайтын Венесуэла оппозициясына арналған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Ресми Вашингтонның айтуынша, қаржы халықтың жалақысына, жолына, байланыс құралдары мен Венесуэла оппозициясының басқа да қажеттіліктеріне жұмсалады. 

11 шілдеде қабылданған меморандумда: "Венесуэладағы дағдарыстың өршуіне байланысты АҚШ өз мүддесі үшін осы қадамға барып отыр ",– делінген.

Әзірге Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Хуан Гуайда бұл жағдайға қатысты ресми түрде жауап қайтармады. Қаңтар айында ол ресми Каракасты уақытша үкімет құруға шақырып, елдің қазіргі басшысы Николас Мадуроның президенттігін заңсыз деп айтқан болатын. 

Ал Мадуро болса, Гуайдоны АҚШ-тың "қуыршағына" балады. 

Бұған дейін Ақ Үй босқындар легін тоқтату мақсатында Гватемала мен Гондурасқа 41,9 миллион доллар құйған болатын. Қазір бұл аймақ көші-қон дағдарысын бастап кешіп отыр. Кедейлік, зорлық-зомбылық және жемқорлықтан мезі болған осы екі елдің халқы АҚШ-тың оңтүстік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу