АҚШ Венесуэла президентіне қарсы санкция жариялады

1046

АҚШ Венесуэла президентіне қарсы санкция жариялады

АҚШ-тың билігі Венесуэла президентіне қарсы санкция енгізді. Ресми Вашингтон Николас Мадуроны халықтың пікірімен санаспай, елдегі Ұлттық құрылтай мәжілісінің сайлауын заңсыз өткізді деп айыптады.

Ақпараттарға сүйенсек, АҚШ-тың заң құзыреттілігіне жататын Венесуэла президентіне тиесілі бағалы қағаздардың барлығы тоқтатылып, американдықтармен қандайда бір келісім-шарт жасасуға шектеу қойылған. Айта кетейін, 30 шілдеде өткен Ұлттық құрылтай мәжілісінің сайлауына халықтың тек 41,5% қатысқан. Сайлаудың мақсаты президенттің бастамасы бойынша Конституцияға өзгерістер енгізу болды. Сәйкесінше бұл оппозиция өкілдерінің көңілінен шықпай, ел аумағында көптеген наразылық шаралары орын алды.

Николас Мадуро, Венесуэла президенті: "Бүгін Дональд Трамп республика президенті ретінде маған қарсы шешім қабылдады. Бұл шешім оның әлсіздігі мен өшпенділігін ғана көрсетеді. АҚШ билігінің қауіп-қатерлері мен санкциялары мені қорқытпайды. Мен олардан қорықпаймын".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу