АҚШ Венесуэлаға қарсы жаңа санкциялар жариялады

764

АҚШ Венесуэлаға қарсы жаңа санкциялар жариялады

АҚШ Венесуэлаға қарсы санкцияларды тағы бірнеше тармақпен толықтырмақ. Бұл туралы Вашингтонның қаржы министрлігі сайтына сілтеме жасай отырып 24.kz хабарлайды.

Соңғы шектеулер Венесуэла азаматтарына қарсы бағытталмақ. Қара тізімге 8 адам еніп отыр. Олардың қатарында республиканың бұрынғы Президенті Уго Чавестің ағасы және бірнеше шенеунік бар. АҚШ үкіметі оларға Конституциялық ассамблеяны қолдады деген айып таққан. Бұл ұйым ел Конституциясына өзгерту енгізу мақсатында құрылған. Ал Венесуэланың Сыртқы істер министрлігі ресми Вашингтонның бұл қадамын сынға алды.

Еске сала кетейік, Құрама Штаттар Венесуэла президенті Николас Мадуроға санкция жариялаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу