Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардан Венесуэланың астанасы Каракаста жарылыс дыбыстары естіліп, өрт ошақтары мен аспанда ұшып жүрген тікұшақтар байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Президент Николас Мадуро елде төтенше жағдай режимін енгізді. Венесуэланың әуе кеңістігі толықтай жабылды.
Қазіргі уақытта АҚШ тарапы шабуылға қатысты ресми түрде не растау, не теріске шығару мәлімдемесін жасаған жоқ.
Венесуэла билігі шабуылды қатаң айыптады. Ал Колумбия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыруды ұсынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу