АҚШ-қа баруды ойлап жүрген қазақстандықтарға маңызды мәлімет жарияланды

184

АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігі Америкаға баруды жоспарлағандарға маңызды мәліметті жариялады.  

АҚШ-қа баруды ойлап жүрген қазақстандықтарға маңызды мәлімет жарияланды Фото: vizavshengen.com

Ведомство "Виза бар болса, АҚШ-та қанша уақытқа қала аламын?" деген сұраққа жауап берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"АҚШ визасы сізге елге кіру бекетіне барып, кіруге рұқсат сұрауға мүмкіндік береді. Бірақ сіздің АҚШ-та қанша уақыт бола алатыныңыз визаңыздың мерзіміне байланысты емес. Бұл мерзімді елге кірген кезде Кеден және Шекараны бақылау офицері белгілейді. Елде қанша уақыт бола алатыныңызды i94.cbp.dhs.gov онлайн тексере аласыз", – деп мәлімдеді дипломатиялық өкілдік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу