АҚШ визасына көзілдірікпен суретке түсуге тыйым салынды

1075

АҚШ визасына көзілдірікпен суретке түсуге тыйым салынды

АҚШ кіру визаларын рәсімдеу ережелерін өзгертті. Елдің Мемдепартаментінің мәліметінше, 2016 жылдың қараша айынан бастап визаға  көзілдіріксіз түсу қажет.
Бұл өзгерістердің себебі суреттердің нашар сапасы мен соған байланысты туындайтын қиындықтар деп атап өтті өз хабарламасында Мемдепартамент қызметкерлері.Сонымен қатар,жаңа ережелер паспорттық бақылаудан өту уақытын едәуір қысқартады деп аталған.
Бұған дейін алынған көзілдірікпен түскен визалар өз күшін жоймайды делінген. Ал жаңа ережелерге байланысты медициналық көрсеткіштері бар болса арнайы  құжаттарын көрсетуі тиіс.

reactor.inform.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу