АҚШ X желісіндегі ресейлік бот-ферманы құрықтады

166

Шенеуніктер мыңға жуық жалған профильдерді бұғаттады.

АҚШ X желісіндегі ресейлік бот-ферманы құрықтады Фото: Shutterstock

АҚШ-та Ресей Федерациясы Үкіметінің мүддесі үшін Штаттардың сайлаушыларына ықпал етуге бағытталған ресейлік бот-ферма анықталды, деп жазады inbusiness.kz cайты AFP-ға сілтеме жасап. 

АҚШ Әділет министрлігі жасанды интеллект (ЖИ) қолдауымен құрылған "бот фермасы" жүзеге асыратын Ресей Федерациясының жалған ақпараттық науқанын тоқтатқанын айтты.

Министрліктің хабарлауынша, боттар АҚШ-та және басқа елдерде Ресей үкіметінің мүддесін көздейтін жалған ақпарат тарату үшін қолданылатын Х (бұрынғы Twitter) онлайн-сервисінде жалған профильдер жасау үшін қолданылған.

Мақсат АҚШ-та және басқа елдерде дау тудыру болды, деп атап өтті агенттік. Жоспарды Ресейдің RT мемлекеттік телерадиокомпаниясының аға редакторы әзірледі, оны Кремль қаржыландырды және ФҚҚ (ФСБ) қолдады.

Америкалық шенеуніктер екі интернет-доменді тәркілеп, мыңға жуық жалған профильдерді бұғаттады. Федералды тергеу бюросының (ФТБ) басшысы Кристофер Рей АҚШ Ресей қолдайтын жасанды интеллект негізіндегі әлеуметтік медиа бот фермасының алғаш рет жойғанын, жаудың мақсаты "біздің серіктестеріміздің Украинадағы позицияларын бұзу және геосаяси сценарийлерге әсер ету" болғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу