АҚШ ЗАЭС-тегі әскери әрекеттерден бас тартуға шақырды

641

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш атом станциясы аймағындағы шабуылды дереу тоқтатуға шақырған еді.

АҚШ ЗАЭС-тегі әскери әрекеттерден бас тартуға шақырды

АҚШ Президенті Джо Байден, Франция Президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц және Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон кезекті кездесу барысында Запорожье АЭС-індегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Олар ЗАЭС-тегі жағдайды талқылап, оның төңірегінде әскери әрекеттерді тоқтату керек деген тұжырымға келді.

Тараптар МАГАТЭ өкілдері қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйін анықтау үшін станцияға баруы керек деп мәлімдеді. Сонымен қатар олар жиын кезінде Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің мәселелерін талқылады. 

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш атом станциясы аймағындағы шабуылды дереу тоқтатуға шақырды. Ол ЗАЭС айналасында демилитаризацияланған аймақ құруды ұсынып, бұл нысанды шабуыл операциясының бір бөлігі ретінде пайдалануға болмайтынын мәлімдеді.

Бірақ Ресей Запорожьедегі атом электр станциясында қарусыздандырылған аймақ құру ұсынысынан бас тартты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу