АҚШ Зеленскийді қолдамады: "Польшада өкінішке орай, украин зымыраны құлады"

515

Америка Құрама Штаттары Польша билігінің республика аумағына украиналық зымыран құлағаны туралы тергеу шешімдерінің дұрыстығына толық сенімді.  

АҚШ Зеленскийді қолдамады: "Польшада өкінішке орай, украин зымыраны құлады" Фото: panorama.am

Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі басшысының орынбасары Ведант Пател мәлімдеді.

"Біз поляк Үкіметінің Украина шекарасына жақын жердегі жарылысты тергеу барысындағы шешімдеріне толықтай сенеміз және олар жүргізетін кәсібилікті жоғары бағалаймыз. Польша президенті Анджей Дуданың бұл жарылыс, өкінішке орай, Польшада украиналық Әуе қорғанысы зымыранының құлауының нәтижесі болуы мүмкін деген алдын ала бағалауына қайшы келетін ештеңе көрмедік. Президент Зеленскийге келетін болсақ, біз оның пікірлерін көрдік, оның ұстанымын түсінеміз. Жергілікті жерде фактілер және көбірек деректер пайда болған кезде біз украиналық серіктестерімізге ақпарат беруді жалғастырамыз", - деп жауап берді Пател.

Дипломат Польшадағы "зымыран оқиғасы" Ресей Федерациясының Украинада арнайы әскери операция жүргізуіне байланысты болғанын айтты. Оның айтуынша, "Украина өзін қорғауға толық құқылы".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу