АҚШ Зеленскийді Путинмен келіссөз жүргізуге итермелеуде

625

АҚШ әкімшілігі Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен диалогты бастау үшін қойылған шарттар тізімінен келіссөздер жүргізу мүмкіндігін жоққа шығаратын ережені алып тастауға көндірді. 

АҚШ Зеленскийді Путинмен келіссөз жүргізуге итермелеуде Фото: eadaily.com

Бұл туралы сейсенбіде Politico газеті өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Басылым Зеленский 7 қарашада Мәскеумен келіссөздерді бастау үшін бес шартты жариялағанын, олардың арасында Путинмен келіссөз жүргізбеу туралы айтылмағанын атап өтті. Politico жазғандай, Зеленскийдің ұстанымын өзгертуі "АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің жылы сөйлеп, көндіруімен байланысты".

Зеленский Киев пен Вашингтон арасындағы ұзақ келіссөздерден кейін, соның ішінде АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливанның Украинаға сапарынан кейін өзінің қойған шарттарын жұмсартты. Америкалық шенеуніктер Зеленскийден келіссөздердегі позицияны өзгертуді тікелей сұрамады, бірақ Киев әлемге қақтығысты бейбіт жолмен аяқтауға дайын екенін көрсетуі керек деп тапсырды. Дегенмен Вашингтон келіссөздер дереу басталуы керек деп ойламайды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу