АҚШ жалпұлттық карантин енгізбейді

606

Бұл елде соңғы уақытта күніне 150 мыңдай науқас тіркелуде.

АҚШ жалпұлттық карантин енгізбейді Фото: rbc.ru

Құрама Штаттардың қазіргі әкімшілігі коронавирус пандемиясына байланысты жалпыұлттық карантин жариялауға қарсы. Елдің вице-президенті Майк Пенс осындай мәлімдеме жасады.

"Біздегі жұмыс тобы, әкімшілік пен президент тағы да жалпыұлттық карантин жариялаудан аулақ. Қазіргі президент Дональд Трамптың тапсырмасы осындай. Сондай-ақ мектептердің жабылуын да қолдамаймыз", –деді Пенс. 

Ол әкімшіліктің тек қажет болған жағдайда белгілі бір өңірде тиісті шаралар қабылдауға дайын екенін жеткізді. 

Ескере кететін жайт, соңғы күндері АҚШ-та коронавирус індеті дендеп барады. Күніне шамамен 150 мың науқас тіркелуде. Жалпы, пандемия басталғалы елде 11,5 миллион адамның вирусты жұқтырғаны анықталды. Осы күнге дейін 250 мың адам дерттен қаза тапқан. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу