АҚШ әлемде жоқ жаңа қару жасауға 1 млрд доллар жұмсамақ

483

Америка Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Пентагон Lockheed Martin қорғаныс корпорациясына 1 млрд доллардан астам сомаға жедел соққы жүйесінің түрлендірілген нұсқасын әзірлеуге тапсырыс берген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АҚШ әлемде жоқ жаңа қару жасауға 1 млрд доллар жұмсамақ Фото: Jen Golbeck/ SOPA Images via Reuters Connect

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Lockheed Martin толық қызмет көрсету кешеніне тапсырыс алған.

Оған бағдарламаны басқару, инженерлік әзірлемелер, жүйелерді біріктіру, сондай-ақ Conventional Prompt Strike ("Конвенционалды жедел соққы") жүйесіне арналған зымырандар мен ұшыру құрылғыларын өндіруге қажетті материалдар, құралдар мен жабдықтарды сатып алу кіреді.

Бұған дейін бұл қорғаныс компаниясы автономды басқару жүйесімен жабдықталған және ұшқышсыз ұрыс жүргізе алатын бесінші буын F-35 жойғыштарын жаңғырту жоспары барын мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу