АҚШ және Орталық Азия елдерінің сарапшылары қауіпсіздік мәселелерін талқылады

486

Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады. 

АҚШ және Орталық Азия елдерінің сарапшылары қауіпсіздік мәселелерін талқылады Фото: gov.kz

1 маусым – Қауіпсіздік саласында маманданған АҚШ және Орталық Азия елдері сарапшыларының қатысуымен қауіпсіздік жөніндегі С5+1 жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Қазақстан тарапынан СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев әріптестерді Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Отырыс барысында өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, оның ішінде физикалық және киберқауіптерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу