Бұл туралы сәрсенбіде Вашингтонда өткен екі елдің сыртқы саяси және әскери ведомстволары басшыларының келіссөздерінің қорытындысы бойынша қабылданған Америка мен Жапония Үкіметінің бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп жазады Inbusiness.kz.
"Америка Құрама Штаттары өзара ынтымақтастық пен қауіпсіздік кепілдіктері туралы шарттың 5-бабына сәйкес Жапонияны қорғауға деген мызғымас міндеттемесін [әскери] әлеуеттің барлық құралдарын, соның ішінде ядролық құралдарды қолдана отырып іске асыратынын қайта мәлімдейді", - делінген құжатта.
Онда тараптардың әрқайсысы одақтасқа қарсы кез келген әскери шабуылды өзінің ұлттық қауіпсіздігіне қатер ретінде қарастыратын және соған байланысты өз Конституциясының ережелеріне сәйкес әрекет етуге құқылы екені айтылады.
Мәлімдемеде Вашингтондағы кездесуге қатысушылар Жапонияны америкалық ядролық қорғанның астына алуға қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады.