Дүйсенбіде АҚШ Жоғарғы Соты АҚШ пен Мексика шекарасында ұсталған заңсыз мигранттарды үйіне тез арада қайтаруға мүмкіндік беретін COVID пандемиясы дәуіріндегі қаулының күшін жоймады, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.
Мұндай уақытша шешім Джо Байден әкімшілігінің 42-бөлімді тоқтату туралы шешіміне қарсы 19 штат берген талапты одан әрі қарау мақсатында қабылданды.
Республикалық Штаттардың өкілдері 42-бөлімнің күшін жою Мексика-Америка шекарасының заңсыз кесіп өткен мигранттардың санының артуына әкелуі мүмкін деп санайды.
42-бөлім алғаш рет 2020 жылдың наурыз айында бұрынғы президент Дональд Трамптың тұсында COVID-19 пандемиясы аясында қолданысқа енгізілді.
Президент Джо Байден Трамп әкімшілігінің қатаң иммиграциялық саясатынан бас тартуға уәде бергеніне қарамастан, 2021 жылы қызметке кіріскеннен кейін бір жылдан астам уақыт бойы шектеулерді сақтап келді.