АҚШ жыл соңына дейін вакцина шығарады – Трамп

552

Соңғы мәлімет бойынша бұл елде вирус жұқтырғандардың саны 2,4 миллионға жетіп, оның 122,1 мыңы қайтыс болды.

АҚШ жыл соңына дейін вакцина шығарады – Трамп Фото: tass.ru

Құрама Штаттардың президенті Дональд Трамп америкалық ғалымдар жыл соңына дейін коронавирусқа қарсы вакцина шығарады деген пікірде. Бұл туралы Ақ үй басшысы сайлаушылармен кездесу кезінде мәлім етті.

"Менің ойымша, препаратқа қатысты нақты ақпарат жуырда жарияланады. Тіпті жылдың соңына дейін де вакцина шығып қалуы мүмкін", – деді Трамп.

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, АҚШ-та осы күнге дейін 2,4 миллион тұрғынның вирус жұқтырғаны анықталды. 122,1 мыңнан астам адам қаза тапқан. Пандемия басталғалы әлемде бұл дертті 9,4 миллион адам жұқтырып, оның 480 мыңы қайтыс болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу