Ақша айырбастау орындары салық төлеуге міндеттеледі

912

Ақша айырбастау орындары салық төлеуге міндеттеледі

Жаңа жылдан бастап еліміздегі ақша айырбастау орындары салық төлеуге міндеттеледі. Олар бекітілген мөлшерде тоқсан сайын есептілік тапсыруға тиіс, деп хабарлайды almaty.tv.

Әр өңірдің салық мөлшерін жергілікті атқарушы органдар бекітеді. Көлемі 72 мың теңгеден, 240 мың теңге аралығында болуы мүмкін.

Айта кетсек, ақша айырбастау нүктелерінің қожайындары бұған дейін тек шетел валютасын алып-сатқанда көрген пайдасы есебінен ғана салық төлеген болатын. Енді, қанша табыс түскеніне қарамастан, бекітілген мөлшермен салық төлейді. Мұндай талап банктерге қойылмайды. Салықшылардың жаңа өзгерістер ақша айырбастау орындарының қожайындарын қаптаған тексерістен құтқарады дейді. Өйткені, олар салықты тоқсан сайын тапсырып отырады.

"30 АЕК-те төлейтін болса, ай сайын есептейді, есептілікті тоқсан сайын тапсырады. Демек, 3 айда 1 тоқсанда 3 айдың объектісін 3-ке көбейтіп есептілік тапсырады. Енді ең бірінші келе жатқан есептіліктің мерзімі ол - 15-ші мамырдан кешіктірмей есептілік тапсыру керек. Ол бірінші тоқсандыққа 2018 жылдың. Ал, төлеу сол есептілік тапсырғаннан кейін 10 күннен кейін төлеу керек. Яғни, 25 мамырдан кешіктірмей төлеу керек", - деді Алматы қалалық МКД түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы, Заңғар Шындали.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу