Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 459 - 462 теңгеден саудаланып жатыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.
Kurs.kz сайтының деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459,3 - 461,7 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 459,5 - 462,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,97 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93 – 5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,95 - 5,05 теңгеден сатылуда.
Еске сала кетейік, 21 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,12 теңгеге қымбаттап, 457,20 теңге болған.