Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 528-532 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық банктің бүгінге ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 526,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,16 теңге. Еуро – 542,72.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 528,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 532,3 теңге. Еуро 540,5 – 546,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 529 теңге, сатып алу құны – 532 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 547 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,10-5,21 аралығында саудаланып жатыр.