Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

163

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510-516 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.          

Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр Фото: Pixabay

Ұлттық банктің 8 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 511,18 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,28 теңге. Еуро – 530,60.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 515 теңге. Еуро 531-536 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 510 теңге, сатып алу құны – 516 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,22-5,29 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 7 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,05 теңгеге төмендеп, 511,01 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу